College news

12 қазан күні №4 политехникалық колледжінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  колледж лига жарыстарының  футбол ойыны бойынша ІІІ аймақтық кезеңінде Орал гуманитарлық – техникалық колледжі 1 орынды жеңіп алып, финалдық облыстық ойындарға жолдама алды. Жетекшісі дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А.К.Кайбалиев.

9 қазан күні Саратов қаласында дзюдодан Балаковский АЭС кәсіподақ комитетінің жүлдесі үшін Россия қалалары және Достастық елдерінің  ХХІІ турнирінде 2000 – 2002 ж.т. жасөспірімдер арасында 1б КШФ топ студенті Аблаев Али 60 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

2016 жылдың 5 – 7 қазан күндері «Евразия» туристік – сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық ІХ «Батыс – Азимут» спорттық бағдарлау жарысында «Түнгі бағдарлау» қашықтығы бойынша 3кб КШФ тобының студенті Сағыналин Ерлан 1 орынды жеңіп алды, жетекшісі туризм пәнінің оқытушысы А.Ғ.Шапанов.

2016 жылдың 3 – 10 қазан күдері аралығында Теміртау қаласында ерлер арасында өткен пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 2б РШФ тобының студенті Джалмурзиев Райымбек 59 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанып жарыс қорытындысы бойынша Спорт Шебері нормативін орындады.

FaLang translation system by Faboba