College news
Дәстүрлі «Жыл оқытушысы-2015» байқауы 2015 жылдың 25 мамырында өткізілді. Педагогикалық шеберлік және шығармашылық байқауында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі мен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінен 10 оқытушы қатысты. Байқау 2 кезеңде өтті.
Бірінші кезең-компьютерлік тестілеу 2015 жылдың 23 мамырында өтті, тестілеу 30 сұрақтан тұрды, 15 сұрағы ҚР Заңы бойынша білімдерін сынады, ал қалған 15- педагогика және психология негіздерінен білімді талап етті.
Қалған кезеңдер, қорытынды мен марапаттау 25 мамыр күні өткізілді. Екінші кезең «Әдістемелік портфолио» көрмесінен басталды. Оқытушылар еңбек еткен жылдарының нәтижесінен өздерінің әдістемелік жұмыстарын көрсетті. Келесі кезеңде («Шеберлік класс») байқауға қатысушылар жаңа интерактивті технологияларды қолданып өздерінің педагогикалық шеберліктерін ортаға салды. Жаңа педагогикалық технологияларды және АКТ-ны қолданып қызықты сабақтар өткізген колледждің мына оқытушыларын атап өтуге болады:
Ермеккалиева Э.Х.- технология кафедрасының оқытушысы «Оригами. Мерекелік шарлар» тақырыбында сабақ өткізді. Оқытушы мерекелік шарларды қағаздан дайындау технологиясын көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Зайнуллина А.Т интерактивті тақтаны пайдалана отырып, «Салалас құрмалас сөйлем» тақырыбында сабақ өткізді. Биология пәнінің оқытушысы Турсынбаева Венера Тулкибаевна электрондық оқулық негізінде «Биотехнология» тақарыбында шеберлік класс көрсетті.
Оқытушы құыретті педагог, психолог сонымен қатар әртіс бола алатындығын, біздің оқытушыларымыз талантты әрі шығармашылық қабылеттерін үшінші турда көрсетті. Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Амиргалиева М.В. – «Синий платочек» әнін орындап көрермен көңілінен шықты ЭльвираХамитқызының орындауындағы «Анажүрегі» әні тыңдаушылардың жүрегін елжіретті. Денешынықтыру кафедрасының оқытушысы әрі біздің спортшымыз – Каиргали Баян «Тек алға» әнін дуэтпен шебер орындап әріптестерін бір таңғалдырды.
Барлық турлардың қорытындысы бойынша «Талантты педагог» номинациясын Қайыргали Баян Болатұлы иемденді, «АКТ-құзыретті тұлға» номинациясы Э.Х.Ермеккалиеваға берілді.
Әділ қазылардың шешімі бойынша «Жыл оқытушы-2015» байқауының жеңімпазы болып Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің інформатика кафедрасының оқытушысы Джумагазиева Асель Каримқызы атанды.
Барлық кезеңнен сәтті өткен, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Амиргалиева Майра Витальевна- жүлделі бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқытушылары иеленді.
Бұл байқау нағыз педагогикалық шеберлік мектебі, педагогикалық практикадағы іс тәжірибенің ең жақсы таралаған ортасы десе де болады. Білім мен еңбек, өнер мен шығармашылық біздің оқытушыларымыздың әркез адал серіктері болсын.
25 апреля состоялся областной чемпионат среди студентов профессионально-образовательных колледжей по парикмахерскому искусству и декоративной косметике «World Skills Kazakhstan» по прическам исторического и современного направлений, где студентка 3б ПИиДК Уральского гуманитарно-технического колледжа Пекшева Александра заняла I- место, руководитель Кужахметова Ш.М.
2015 жылы 23-сәуір күні М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап – рухани байлық» атты тақырыбында өткізілген ақшамына колледж атынан 1б КШК тобының студенттері қатысты. Шараның мақсаты: студенттерге оқулықты құрметтей білуге,кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Студенттердің білімді танымын өмірімен байланыстыра отырып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
1бКШК тобының студенттері кітапханадағы кешке белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Шараның салтанатты ашылу кезеңі 1бКШК тобының студенттері Кітапханадағы қойылым
Шараға қатысушылар 1б КШК тобының кураторы
Л.А.Нагимова
23.04 күні Ұлы Жеңіс күні 70-жылдығына арналған «Соғыс жолдарымен» атты патриоттық акция ұйымдастырылды.
Отан үшін, елі үшін күрескен
Бар өмірі өткен ұлы күреспен
Ұрпағына қасиетті қадірлі
Бүгінгі ұрпақ шығармайық соны естен,- дегендей колледж студенттері Ұлы Отан соғыстың жолдарымен өтіп, атақты батырларды еске алды: Москва шайқасы, атақты Панфилов дивизиясы, Сталинград шайқасы, Прибалтика шайқасы Берлинге дейін сұрапыл соғысының батырлар мен ардагерлері ешқашан ұмытылмайды.
Сағат 16.00- де колледж акт.залында Кеңес Одағының батыры,жазушы,Екінші дүниежүзүлік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшысы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зинеп Ахметова апамызбен кездесу кеш өтті.
Ш.Х.Курманалина-колледж құрылтайшы, п.ғ.д., академик пен Зинеп Ахметова
Кездесуден көрініс