College news

13.03.17ж. жаратылыстану және қоғамтану кафедрасының айлығы аясында химия және география пәні мұғалімі Джуматаева Нура Химетдиновнаның ұйымдастыруымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің салт-дәстүрлерін студенттер арасында таныстырып, көрсету мақсатында 1а КШР, 1б РШИ, 1 б РДО, 1б РШО топ студенттерінің қатысуымен сыныптан тыс шара өткізілді. Шара барысында қазақ, орыс, татар, украин, белорус, армения, каріс халықтарының салт-дәстүрлерімен таныстырылып, ұлттық киімдерімен тағамдары көрсетілді. Әр ұлттың тағамдарынан мұғалімдер мен көрермендер дәм татты. «Қазақ биін» Меңдеш Меңдіару мен Ибатолла Әсем биледі. Панарина Елена- 1аКШР тобының студенті «Нэсэ Галя воду» украин әнін шырқады. Шара көңілді, жылы жағдайда өтті.

2бКДО тобының «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты  аналарға, ұстаздарға арналған мерекелік шарасы өтті. Шараға топ студенттері  өз өнерлерін көрсетіп, жаңа қырынан көріне білді. Кеш жүргізушілері:  Ерманова Айгерім мен Ғарифолла Жансая кешті өте жоғары деңгейде жүргізе білді. Студенттер топпен хор болып «Анашым» әні орындалды.

Келесі кезекті өз өлеңімен тебіренткен Серікова Жанеркенің  «Рахмет, саған, Ана!» атты өлеңі тыңдалды. Ата-аналарды, ұстаздарды, аруларды   құттықтау мақсатында сөз кезегі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Қосбаева Кунзия Кабибуллақызына  берілді.

6 наурыз күні ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы оқытушы-ана, оқытушы-апа еңбегін қадірлей білуге үйрету, нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, анаға, апаға деген ізгі ниеттерін көрсету мақсатында колледжде «Әйел деген әдемі ғой, әдемі ...» атты шара оздырылды. Шарада дене тәрбиесі кафедрасы оқытушылар мен студенттері белсенділік танытты.

06.03. күні наурыз күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы 1 курс студенттері аралығындағы «Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны сайысы ұйымдастырды. 

Шараның мақсаты:  Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастырып, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа баулу.Шараның барысында қатысушы студенттер өздерін таныстырып, қазақ салт-дәстүрлдері туралы сұрақтарға жауап беріп өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың соңында қатысушы студенттер  «Сымбатты ару», «Білімді ару», «Ас адамның арқауы»  номинацияларына ие болды.

FaLang translation system by Faboba