College news

 14.03.17ж  күні колледждің өзін-өзі басқару ұйымы мен Орал гуманитарлық-техникалық колледж студенттер Альянсы штабы ұйымдастыруымен Қазақстанның батыс аймағында ерекше тойланатын «Көрісу Айт» мерекесіне орай колледж ішінде шара ұйымдастырды. 

15.03.17. Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы айлығы барысында «Жас эколог» жетекшісі: Ф.К. Иштаеваның ұйымдастыруымен клуб мүшелері Батыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Жалын» жастар демократиялық орталығы мамандарымен кездесу ұйымдастырды. «Дұрыс тамақтану» тақырыбында маман Құрмашева Мөлдір семинар-тренинг өткізді. Сағаденова Назым Мұхамбетқалиқызы «Мен туберкулезді тоқтата аламын» тақырыбына тренинг жүргізді. Студенттер тек мағлұмат алып қоймай сұрақтар қойып, өз ойларын толықтай айтып отырды. Мамандар қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.

Бүгін 13.03.17 күні «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қаламыздағы ҰОС ардагерлерімен қаламыздың дамуына өз  үлестерін қосқан еңбек ардагерлерін Қазақ драма театрына апарды. Жексенбілік демалыстарында «Алтын көрсе періште...» атты қойылымды тамашалаған ардагерлер, Жас Отандық жастарға баталарын беріп, алдағы уақытта да осындай мәдени шаралар көптеп ұйымдастырылса екен деп тарасты. 

14.03.17.Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы айлығы барысында оқытушы: Иштаева Ф.К 2бКШИ тобымен облыстық «Табиғат және экология» мұражайына барды.

Мақсаты: Колледж студенттеріне Орал өңірінде болған және жойылып кеткен, қызыл кітапқа енген құстар мен жан-жануарлар түрлерімен таныстыру.

FaLang translation system by Faboba