College news

11 қазан күні оқытушы Аманбаева А. 2аКШИ тобында жаңа педагогикалық технология пәнінен “Ізгілендіру принциптері Ш.А.Амонашвилидің жеке ізгілік технологиясы” тақырыбында сабақ өткізілді.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде мұғалімдер күніне арналған колледждің өзін –өзі басқару ұйымымен «Дублёр күні» өтті.

2023 жылдың 5 қазаны күні колледждің 1 курс студентері, АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушы, запастағы майор Б.А.Насыровтың басшылығымен қаламыздағы Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрына барып, терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында режиссер С.Утепбергеновтың "Шестой пост" филімін тамашалады. Фильмде қазіргі заманғы ержүрек жігіттеріміздің батырлығы, қаһармандығы мен қайсарлығы көрсетілген. Студенттер фильмнен керемет әсер алды.

Бұл күні жас буын бойында күш қуаты тасып тұрған кезінде еліне қызмет еткен қарияларымыздың даналығымен өмірлік тәжірибесіне құрмет көрсетеді. Осы орайда мереке қарсаңында колледжіміздің ерікті студенттері Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарияларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

FaLang translation system by Faboba