College news
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері Ұлттық киім күні қарсаңында «Ұлттық киім ұрпаққа мұра» челленджін өткізіп, жергілікті тұрғындарға қазақтың ұлттық киімдерін, әшекейлерін насихаттап, жылы құттықтауларын жолдады.
Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні НАУРЫЗНАМА тұжырымдамасына сәйкес Жаңару күніне орай жалпықалалық экологиялық акциясы аясында, 10 шағын ауданында облыс әкімі және қала әкімінің, қала тұрғындары мен студенттердің қатысуымен 80 түп қарағай көшетін отырғызу шарасына өткізілді. Көшет отырғызу шарасына колледжіміздің ерікті студенттері белсене қатысып, экологиялық акцияға өз үлестерін қосты.
Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Наурызнама тұжырымдамасының алғашқы күні 14-Наурыз көрісу мерекесі аталып өтті. Таңнан кішілер үлкендермен көрісіп, үлкендер жастарға бата берді. Тәрбие бөлімі топ жетекшілерімен бірлесіп студенттерге наурыз көжемен бауырсақтан ауыз тигізді.
Колледж оқытушылары Идрисова А.Р., Шотова Г.С., Төлеутаева А.Г., Туенбекова Б.Ж. “Көрісу айт” мерекесіне белсене қатысып, бауырсақ және көже таратып дәм тәтқызды. Преподаватели колледжа Идрисова А.Р., Шотова Г.С., Толеутаева А.Г., Туенбекова Б. Ж. приняли активное участие в празднике “Көрісу айт”, угощали бауырсаками и көже.